Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің  «Мектеп-гимназиясы» коммунальдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 1-қыркүйегінде ашылды. Мектеп-гимназияның оқу ғимраты 3 қатарлы, 320 білімалушыға арналған. Мектеп алды сыныбы мен 1-11 сынып білімалушыларына толықтай мемлекеттік білім беру стандартына сай білім алу мүмкіндігі бар. Мектеп-гимназияның ішкі  безендіруі пәндік кабинеттердің орналасуына орай 4 блокқа бөлінген. Қоғамдық гуманитарлық пәндер блогы, жаратылыстану-математика пәндер блогы, бастауыш сынып пәндер блогы және шығармашылық пәндер блогы.

Сонымен қатар спортзал, асхана, актзал және медбике кабинеттері де талапқа сәйкес жасақталған.

Мектеп-гимназияның оқу бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық пәндерге негізделген.

Мектеп-гимназия білім алушылары Исатай ауданына қарасты округтерде тұратын ата-аналар өтініштері бойынша қабылданды және гимназия сыныптарына ереже талаптарына сәйкес сынақ тапсыру арқылы іріктелді.

Мектеп-гимназия жанында 100 орындық жатақханасы бар. Жатақханада ауданның округтерінен келген білім алушылар қамтылған. Жатақхана ғимраты қазіргі талапқа сәйкес жасақталған, қауіпсіздік шаралары сақталған. Жатақхана тәрбиеленушілері үшін асхана, оқу залы, кино залы, шахмат бөлмесі, кітапхана бөлмесі және демалыс бөлмесі жасақталған.

Мектеп-гимназия білім алушылары үшін сабақтан тыс уақытта қосымша білім беру педагогтары мен спорттық үйірме жеткешілері жоспарлы жұмыстарын жүргізеді.