Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Исмагулова Табила Игбаевна — Атырау облысы Білім беру басқармасы Исатай
аудандық білім бөлімі «Мектеп-гимназиясы» КММ-нің директоры.

Исмагулова Табила Игбаевна 1965 жылы 13 қарашада Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
1983-1988 жылдар аралығында Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика қосымша физика пәні мұғалімі мамандығын алдым.
Педагогикалық еңбек өтілім-35 жыл.Біліктілік санатым; Педагог-шебер
1988-2001 жылдар аралығында Исатай ауданы білім бөліміне қарасты «Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» кмм де математика пәні мұғалімі,2001 жылдан 2007 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,2007 жылдан 2011 жылдар аралығында мектеп директорының оқу жэұмысы жөніндегі орынбасары, 2011 жылдан 2022 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарып, 2022 жылдың ақпанынан бастап 2023 жылдың қазан айына дейін математика пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2023 жылдың қараша айынан бастап конкурс нәтижесімен Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөлімінің «Мектеп-гимназиясы» кмм –ң директоры қызметіне тағайындалдым.
Қосымша білімдерім:
Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсы. 2015 жыл. «3» шілде. Сертификат №000005.
БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционарлық қоғамы «Білім беру сапасын басқаруда корпоративтік орта құру» 80 акемедиялық сағат курсы. 2020 жыл. «13» наурыз.Сертификат №0324536
БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционарлық қоғамы «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындща орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» 80 акемедиялық сағат курсы. 2020 жыл. «12» желтоқсан.Сертификат №0403278
ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционарлық қоғамы «Математика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» 80 акемедиялық сағат курсы. 2021 жыл. «06» мамыр.Сертификат №0414138
Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша 430 академиялық сағат курсы. 2022 жыл «31» мамыр.

Жетістіктерім:
2007 жылы облыстық «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші-2007» және 2014 жылы облыстық «Үздік менеджер-2014» байқауларында екінші орын иелендім.
2007 жылы мектеп оқушыларынан құрылған «Таңшолпан» атты балалардың қоғамдық бірлестігінің негізін салдым, күні бүгін республика көлеміне әр түрлі жоба жұмыстарымен танымал болып келеді.
2016 жылы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған мектеп басшыларының байқауында «Үздік тәлімгер» номинациясын иелендім.
2015-2019 жылдар аралығында Жаңартылған білім беру бағдарламасын апробациядан өткізуге нәтижелі үлес қостым.
2017 жылдан бергі уақытта түрлі баспадан «LЕSSON STUDY»-оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі», «Көшбасшылық.Желілік қоғамдастық.Кәсіби өсу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Жаңартылған білім беру бағдарламасы-тәжірибеде», «Математикалық сауаттылық» оқу әдістемелік құралдары мен жинақтарым жарық көрді.
Аудандық «Нарын таңы», республикалық «Ана тілі», «Мерейлі мекен», «Білім технологиялары», «Білімді ел» « Ұстаздық еңбек» газет-журналдарында бірнеше тәжірибелік мақалалар жарияладым.

2017 жылдан бері Жетекші мектеп жұмысын ұйымдастырып, серіктес
мектептермен қоғамдастық негізінде нәтижелі жұмыс жүргіздім.
2015-2019 жылдар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң ұйымдастырған VII,VIII,IX,X,XI-халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция қатысушысы болдым.
2020 жылы «Парасатты мектеп басшысы» облыстық байқауында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын және аудандық мектеп директорларының байқауында «Үздік менеджер-2020» Бас жүлдесін иелендім.
2020 жылдан бері облыстық «Мұзарт» педагог -шеберлер қауымдастығының мүшесімін, облыс,республика көлеміндегі семинар практикумдарда өз тәжірибеммен бөлісудемін.
2018 жылы Астана қаласында өткен «Жаңа дәуір мектебі» тақырыбындағы Х-халықаралық конференцияда «Мектепті корпоративті басқару тиімділігі: Өзара бөлінген көшбасшылық арқылы жүзеге асыру» атты баяндама оқып, тәжірибемен бөлістім.
2023 жылы сәуір айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Lesson Study: рефлексивтік тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» І-Ұлттық конференциясында «Квалиметрия: мұғалімдердің зерттеу дағдыларындағы өзгеріс көрсеткіші» тақырыбында тәжірибемен бөлістім.
2023 жылы 7-8 желтоқсан күндері Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Білім берудегі көшбасшы бағдары» халықаралық басқару интенсивіне «Командалар компасы: Қоғамдастық қызметінің бағдары» тақырыбымен спикер ретінде қатысып тәжірибе алмастым.
2022 жылы 17 қаңтарда Қарағанды қаласында өткен «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» тақырыбындағы математика пәні мұғалімдерінің съезіне қатыстым.
Мемлекеттік марапаттарым:
2017 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталдым.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналған мерейтойлық белгісімен наградталдым.
2023 жылдың 16-қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен және бірнеше рет педагогикалық шеберлік орталығының,Республикалық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлау институтының,облыстық әдістемелік орталықтың,аудандық білім бөлімінің, Исатай ауданы әкімінің Құрмет Грамоталары және алғыс хаттарымен,марапатталдым.