Калидуллина Гүлфариза Қуанғалиқызы — Атырау облысы Білім беру басқармасы Исатай аудандық білім бөлімі «Мектеп-гимназиясы» КММ-де инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетінің түлегі Калидуллина Гүлфариза Қуанғалиқызы педагогикалық еңбек жолын 1992 жылы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында «Жалпы білім беретін Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі» КММ –де ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметінен бастады. 2016-2022 жылдар аралығында Исатай ауданы Абай атындағы орта мектебі директорының инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарды. 2013 -2023 жылдары осы лауазымымен қатар аудандағы екі жетекші мектептің бірінің үйлестірушісі қызметін табысты атқарды. 2023-2024 оқу жылынан бастап Атырау облысы Білім беру басқармасы Исатай аудандық білім бөлімі «Мектеп-гимназиясы» КММ-де ағылшын тілі пәнінің «педагог-шебер» санатты мұғалімі болып қызмет етуде. Мұғалімнің ие болған марапаттары: 2021 ж. Педагогикалық Шеберлік Орталығы Атырау облыстық филиалының Жетекші мектеп – кәсіби желілік қоғамдастықтағы қызметі үшін Алғыс хаты; 2022 ж. Атырау облысы Әдістемелік Орталығының Атырау облысы педагогтерінің Тамыз кеңесінің сессия жұмысындағы спикерлік жұмысы үшін Алғыс хаты; 2022 ж. Педагогикалық Шеберлік Орталығы Атырау обл. филиалының Алғыс хаты; 2023 ж. Орал қаласында өткен Білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінің делегаты; 2023 ж. Астана қаласында өткен І республикалық ұстаздар сьездінің делегаты; 2023 ж. Педагогикалық Шеберлік Орталығы Атырау облыстық филиалының «LS: рефлексивті тәжірибеден — тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбындағы ҒТ конференцияда спикерлігі үшін Алғыс хат; 2023 ж. Атырау облысы білім басқармасының Құрмет Грамотасы; 2023 ж. Облыстық «Мектеп командасы: жоба, нәтиже, болашақ» фестивалінде «Заманауи жоба» номинациясының иегері; 2024 ж. Атырау облысы «Action research & Lesson Study» форумының «Teacher Talk: My story» байқауы -ІІ орын; 2024 ж. Атырау облысы «Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study» облыстық форумының «Poster presentation» байқауынан командалық 1-орын