Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 7 сәуір күні мектеп-гимназияда «Жыл мұғалімі-2025» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға 3 ұстаз қатысты.
Байқаудың мақсаты: педагогтің оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби өсуін ынталандыру болатын. 📌 Байқау турлары:
1-тур: «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫСТЫРУ»
2-тур: «ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚҰРУ»

3-тур. «45 МИНУТТЫҚ ДЕСАНТ САБАҚ» 3 турдан тұратын «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2025» байқауының ағылшын тілі пәні мұғалімі Әсем Мұратқызы 3-орынға, көркем еңбек пәні мұғалімі Нұрсауле Шәріпқызы 2-орынға ие болды. «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2025» байқауының жеңімпазы болып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ляззат Бекболатқызы танылды. «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2025» байқауының аудандық кезеңіне жолдама алған Ляззат әріптесімізге сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

“МГ ұстаздары облыстық Сабақты зерттеу конференциясында” 2025 жылдың 4 сәуір күні Атырау қаласындағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей –интернаты базасында Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлескен «WALS — 2025» халықаралық конференциясы аясындағы «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында өткен облыстық конференцияға Мектеп-гимназиядан 12 ұстаз қатысып, мектеп-гимназиядағы өтіп жатырған зерттеу сабақтары тәжірибелерімен бөлісті.  3 команда постер-сессияда, 2 команда таныстырылым-сессиясында зерттеу жұмыстарын қорғады. 2 ұстаз «Teacher Talk My story» сессиясында спикер ретінде зерттеу тобына қалай келгені, қандай қиындықтарға тап болғаны, сол қиындықтарға қарамастан осы зерттеу тобында қалуға не көмектескені туралы хикаяларымен бөлісті.
Сонымен қатар Мектеп-гимназия директоры Т.И.Исмагулова аталған конференцияның пленар отырысында WALS — 2024 халықаралық конференциясына қатысушы ретінде өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп директорының ИЖЖО Г.Қуанғалиқызы облыстық конференцияға аудитория модераторы ретінде шақырылды.

 

 

 

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» 28 наурыз күні
«Kitaptime» жобасы негізінде жас мұғалімдер арасында буккроссинг байқауын өткізді. Байқауға мектебіміздің намысын қорғауға барған әріптестеріміз жүлделі 3-орын иеленді.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  Оларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және толағай табыстар тілейміз

 

 

 

«Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алған әріптестеріміз жүлделі орындармен оралды!

🏆 Гүлзира Шынарқызы – сынып жетекшілері секциясы бойынша 2-орын
🏆 Әлия Дайранқызы – білім беру ұйымдары басшылары секциясы бойынша 3-орын
🏆 Динара Бекқызы мен Райхан Жұмабекқызы – командалық 3-орын
🏆Айнұр Нұрланқызы – информатика секциясы бойынша Алғыс хат

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көп болсын!

 

 

 

 

“Дарынды балаларға – талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алған әріптестеріміз жүлделі орындарға ие болып, бізді қуантты. Оларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

 

“Қазіргі білім берудегі жасанды интелекттің ролі: Мүмкіншіліктері, бүгіні мен болашағы” тақырыбында білім беру қызыметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларынан топ жарған ұстаздарымыз.
Багитова Алия Дайранқызы
Таукенова Айнұр Нұрланқызы
Ержан Гүлзира Шынарқызы
Какимжан Динара Бекқызы
Абишева Райхан Жұмабекқызы

 

 

Облыстық 9-11–сынып оқушылары арасында өткізілген пәндік олимпиадаға құқық пәнінен қатысып, жүлделі 3-орын алған Мектеп-гимназияның 9 гимназия сынып оқушысы Кимран Наргизді шын жүректен құттықтаймыз.
Жетекшісі: Асқарбайқызы Ақмарал

 

 

25.12.2024 күні ауданымыздың әкім шыршасында балаларға арналған ерекше мереке өтті!  Жаңа жылдың ертегідей сәні, қуанышы және сыйлықтары бүлдіршіндердің жүректерін шаттыққа толтырды.