Жатақхана туралы мәлімет
Исатай ауданы, Аққыстау ауылында «мектеп-гимназия» жанынан ашылған жатақханасы 2024-жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасап тұр. Жатақхана 100 орыннан тұратын, екі қабатты ғимарат. 100 орынның 50 орыны ұл балаларға, 50 орыны қыз балаларға арналған.Жатақхананың іші таза, жарық және кең. Жатақхана жаңа төсек орындар мен және де басқа да қажетті жиhаздармен жабдықталған. Оқушыларға қолайлы жағдайлардың барлығы жасалған десек болады. Атап өтсек, балалардың сабақ оқуға арналған «оқу залдарыда», жуынуға арналған бөлмелеріміз де, сонымен қатар, бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған «шахмат» және қазақи бұйымдармен жабдықталған «киіз үй» бөлмесі мен кино көруге арналған бөлмелері де бар. Балалар төрт мезгіл тамақтануы үшін асхана да, апта сайын мектеп формалары мен тағы басқа кір киімдерін жуатын кір жуу машина техникасы да бар.
Жатақханаға жауапты, жатақхана меңгерушісі-Зайнова Ақкенже Мұғауқызы. Шаруашылық меңгерушісі-Жасмағанбетова Райса.
Балалардың тәрбиесімен айналысып, білімдерін, тәртіптерін қадағалайтын тәрбиеші апайларымыз қызмет атқарады. Олардың ішінде жоғарғы білімді, модератор санатындағы тәрбиешілермен бірге «қазақ тілі және әдебиеті» пәні мұғалімі мен «ағылшын тілі пәні» мұғалімі мамандары да бар.Тоқталып өтсек: Дәулетьярова Гүлшат, Мұхтарова Арайлым, Амиржанова Ұлболсын, Жәнібекова Аружан, Тухпатолла Мөлдір атты тәрбиешілеріміз. Балалардың түнгі ұйқысының тыныш болуын, түнгі ауысымда қызмет ететін Салхаденова Камшат, Тлеугалиева Жанар, Дауылбаева Перизат, Халелова Ақмарал есімді тәрбиешілеріміз.
Ал, балаларымыздың денсаулығы мен тазалығын қадағалап, алғашқы медициналық көмек көрсететін медбике Қайыржанова Тұрсынгүл қызмет атқарады.
Балалардың төрт мезгіл тамақтарын дәмді етіп әзірлейтін, бас аспаз-Машаева Майра және екінші аспазшы-Исмагулова Күнсұлу. Ыдыс аяқ жуушы-Каженова Айгерім, асхана жұмысшысы болып-Есщанова Анаргүл қызмет атқарады.
Жатақханамыздың тазалығына жауапты, әрдайым жатақхананың таза тұруы үшін қызмет ететін Мұхтарова Болай, Оразгалиева Алмара, Исакулова Ақтолқын есімді жәй қызметкерлеріміз де бар.
Жатақханаға оқушылардың кіріп-шығуларын қадағалайтын, сонымен қатар, бөгде адамның кіріп кетпеуін қадағалайтын вахтерші Сатқанова Гүлнар, Зинуллина Нұрғаным апайларымыз да қызмет етеді. Су құбырларын, жылу жүйесін қадағалайтын сантехник қызметін атқарушы-Тимурұлы Ақжол. Шаруашылық қызметін атқарушы-Оразов Аманжол.
Барлық қызметкерлер де өз қызметтерін аса жауапкершілікпен, тиянақтылықпен атқарады.