Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Багитова Алия Дайрановна  — Атырау облысы Білім беру басқармасы Исатай
аудандық білім бөлімі «Мектеп-гимназиясы» КММ-нің директорының оқу жұмысы-жөніндегі орынбасары.

Багитова Алия Дайрановна — 1978 жылы 8 маусымда Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1985- 1993 жылдар арасында Ғ.Масалимов атындағы орта мектептің негізгі мектебін, 1993-1995 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейін аяқтаған.  2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Химия- биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап шықты. 2001 жылы Аққыстау орта мектебіне өз мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды.  Осы мектепте өз мамандығы бойынша жұмыс жасай жүріп 2013-2015 жж- мектеп тәлімгері, 2015-2021 жж- мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2022-2023 жж- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық міндеттерін атқарды. 2023 жылы өз өтініші негізінде жұмыстан шықты.

2012ж- Исатай ауданы әкімінің Алғыс хаты

2015ж- Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты

2021 ж. Атырау облысы  білім беру басқармасы  Алғыс хаты

2021 ж. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік

одағының Атырау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты

2022 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының  Алғыс хаты.